
Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы органға Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылы тұрғындарының «Спец Строй Брэнд» ЖШС-нің газ құбырларына қосылу үшін газбен жабдықтау жүйелері мен олардың құрылыстарының құрылыс-монтаждау жұмыстарының бағасын өсіру жөніндегі әрекеттеріне шағымы келіп түсті.
Серіктестіктің әрекеттерінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері қарастырылған.
Осыған байланысты бағаны 380 000 теңгеден 340 000 теңгеге дейін төмендету жолымен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылды.
Хабарламаны орындау мерзімі алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.