
СҚО шекараларындағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау, үстем жағдайға ие субъектілер СҚО аудандарының аумағында әртүрлі өткізу бағаларын қолданғанын көрсетті.
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға алып келген немесе алып келетін және (немесе) нарық субъектісінің немесе белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерiне тыйым салынады.
Осылайша, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізушілер монополияға қарсы органның хабарламаларын алды.
Монополияға қарсы органның хабарламалары орындалды, бөлшек саудада өткізу бағасы 76-дан 72 тг/л дейін төмендетілді.