Бетонды өткізу нарығында үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері қаралды

Бетонды өткізу  нарығында үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері қаралды

Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен  Өскемен қаласының тауар нарығындағы ағымдағы жағдайға ГОСТ 7473-2010 ауыр тауарлық бетонды өткізу бойынша талдау жүргізілді.

Нәтижесінде, «СТЕЛС Индустрия» ЖШС және «Железобетонный комбинат» ЖШС  ГОСТ 7473-2010 ауыр бетонды объективті негіздемелерсіз әр түрлі бағамен  өткізгені анықталды.

Департаментпен тергеп-тексеру  жүргізбестен, нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды қолдануда объективті түрде негізделген себептерсіз аталған нарық субъектілерінің әрекеттерінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екендігі туралы хабарламалар шығарылды.

Хабарламалар орындалуда.