«Шығысэнерготрейд» ЖШС қайта есептеу жүргізу жолымен тұрмыстық тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтарып берді

«Шығысэнерготрейд» ЖШС қайта есептеу жүргізу жолымен тұрмыстық тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтарып берді

«Шығысэнерготрейд» ЖШС төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін алынған есептеу құралдарының көрсеткіштеріне қарамастан, 2020 жылғы наурыз және сәуір айлары үшін орташа тәуліктік тұтыну бойынша электр энергиясы үшін ақы есептеді.

Бұл туралы монополияға қарсы органға Шығыс Қазақстан облысының өтініш берушісі  хабарлады.

Тұтынушының бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру үшін монополияға қарсы органмен «Шығысэнерготрейд» ЖШС атына әрекеттерде тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына қысым жасау бойынша бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы, сараланған тарифті қолдана отырып, қайта есептеуді ұсынудан бас тарту бөлігінде хабарлама жіберілді.

Серіктестікпен монополияға қарсы органның хабарламасы Шығыс Қазақстан облысының 139 775 тұрмыстық тұтынушыларына 20 970 807 теңге сомасында есеп айырысу шоттарына қайта есептеу (қайтару) жүргізу жолымен орындалды.