Қазақтелеком абоненттердің келісімінсіз оларды ақылы қызметтерге қосты

Қазақтелеком абоненттердің келісімінсіз оларды ақылы қызметтерге қосты

Сот талқылауларының қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты тұтынушыларға ақылы қызметтерді олардың келісімінсіз күштеп таңу фактілері бойынша монополияға қарсы тергеп-тексерудің басталуының заңдылығын растайтын сот шешімі күшіне енді.

Нұр-сұлтан қаласы сотының 2020 жылғы 3 маусымдағы шешіміне сәйкес монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді заңды түрде бастады, себебі анықталған фактілер монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын растайды.

Қазіргі уақытта Қазақтелекомға тергеп-тексеру нәтижелері жіберілді, онда монополияға қарсы органның пікірінше, Алматы қаласының 50-ден астам тұтынушыларына интернет және байланыс қызметтерін олардың келісімінсіз әрқайсысына орташа есеппен 4000 теңгеден күштеп таңу фактілері орын алып отыр.

Бұл ретте, тергеп-тексеру басталғанға дейін Қазақтелекомға бұзушылық белгілерін өз еркімен жою және қаражатты тұтынушыларға қайтару ұсынылды.

Тергеп-тексеру нәтижелеріне сәйкес болжамды айыппұл мөлшері 560 млн.теңгеден асады.