
Бұқаралық ақпарат құралдарының дәрілік заттарға, оның ішінде вирусқа қарсы препараттарға, антибиотиктерге, антипиретиктерге бағаның өсуі туралы мәліметтерін талдау нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы органмен дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізушілерге қатысты 9 хабарлама шығарылды.
Хабарламада аталған нарық субъектілерінің әрекеттерінде бәсекелестікті шектеуге бағытталған тауарларды өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің келісілген әрекеттері белгілерінің, оның ішінде бағаларды белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға не тауарларды сатып алудың немесе өткізудің басқа да шарттарына қатысты тергеп-тексеру жүргізбей-ақ бар екендігі көрсетілген.
Хабарламалар орындалуда.