
Бірінші сұрыпты ұнды сату бойынша ағымдағы жағдайға жүргізілген талдау «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС және «Шығыс Қазақстан ұн тарту-құрама жем комбинаты» АҚ сияқты ірі нарық субъектілері өткен кезеңнің бірінші сұрыпты ұнының қалдықтарын ағымдағы айдың бағалары бойынша өткізуді жүзеге асырғанын көрсетті. Нәтижесінде бірінші сұрыпты ұнның бір бөлігі жоғары бағамен сатылды.
Осыған байланысты, Комитеттің Шығыс қазақстан облысы бойынша департаментімен аталған нарық субъектілерінің әрекеттерінде бағаны белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға немесе тауарларды сатып алуға немесе сатуға қатысты келісілген әрекеттер белгілерінің бар екендігі туралы тергеп-тексеру жүргізбестен хабарлама шығарылды.
Хабарламалар орындалу сатысында.