
Ақтөбе облысы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізушілер өткізу бағасын бекітілген шекті бағадан жоғары белгіледі. Өткізу бағасы литріне 55-75 теңгені құрады.
Нарық субъектілерінің атына газды белгіленген шекті бағадан жоғары бағалар бойынша өткізуді тоқтату және сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде көтеруге жол бермеу туралы нұсқамалар жіберілді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес нұсқаманы орындамау жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.