«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың жай-күйі туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың жай-күйі туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

2020 жылғы 27 шілдеде Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары Асқар Жаппарқұлов «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның жай-күйі туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында баяндама жасады.

Өз сөзінде монополияға қарсы органның құзыретіне және азық-түлік тауарлары нарықтарында монополияға қарсы ден қоюдың қабылданған шараларына назар аударды.

«Ағымдағы жылдың басынан 290 хабарлама шығарылды, қабылданған хабарламалардың 261 хабарламасы орындалды, нан, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, қант, сары май, күріш, ұн және жеміс-көкөніс өнімдерінің бірқатар атаулары бойынша 13 тергеп-тексеру тағайындалды» - деп хабарлады Жаппарқұлов Асқар.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті нарыққа қатысушылардың бағаны көтеру бойынша сөз байласуына тыйым салатын, монополияға қарсы заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асырады» - деп атап өтті баспасөз  конференциясы барысында.

Баяндама қорытындысы бойынша журналистердің бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтар жасағаны үшін нарық субъектілерінің жауапкершілігі туралы сұрақтарына жауап берді.