Автомобиль газын өткізушілерге бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар шығарылды

Автомобиль газын өткізушілерге бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар шығарылды

    СҚО шекарасында автомобиль газын бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу барысында монополияға қарсы органмен ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзу болып табылатын осы тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектілері облыс аудандарында автомобиль газына әртүрлі өткізу бағасын белгілегенін анықталды.

Осыған байланысты, Комитеттің СҚО бойынша Департаментімен автомобиль көлігіне май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек өткізушілердің атына олардың әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы, автомобиль газына әртүрлі өткізу бағаларын қолдану бөлігінде хабарлама шығарылды.

Хабарламаларды нарық субъектілері алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.