
Комитеттің Атырау облысы бойынша департаментіне Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарынан автогаз құю станцияларында автокөлікке май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге белгіленген бағалары туралы мәліметтер келіп түсті.
Автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газының 1 литр үшін шекті бағасы 53 теңге белгіленген. Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарынан алынған мәліметтерді зерделеу кезінде, нарық субъектілерінің қызметінде ҚР монополияға қарсы заңнамасы нормаларының бұзылу белгілері қаралды.
Ескерту мақсатында автогаз құю станцияларының атына Атырау облысы географиялық шекарасына автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің бағасы 1 литрге 53 теңгені бекіту туралы 3 нұсқама шығарылды.
Нұсқамалар алынған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.