Цементті өткізу нарығында бұзушылықтар қарастырылуда

Цементті өткізу нарығында бұзушылықтар қарастырылуда

Алматы облысының географиялық шекараларындағы құрылыс нарығындағы баға жағдайына жүргізілген талдау ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр аралығында цементті көтерме-бөлшек саудада өткізумен айналысатын нарықтың 4 субъектісі цемент бағасын көтергенін көрсетті. Бағаның ең жоғары өсуі 33,3% құрады. Осылайша, Алматы облысының монополияға қарсы органмен ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілерін каралуда.

Тауарларды өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.

Осыған байланысты, цемент сатушыларға «Шегиров» ЖК, «Турганбеков» ЖК,  «Алга» ЖШС, «Импорт-Тек» ЖШС қатысты олардың әрекеттерінде бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарлама жіберілді.

Хабарламалар заңмен белгіленген мерзімде орындалды.