
Қостанай қаласы бойынша таксимен жолаушылар тасымалдау қызметін жүзеге асыратын нарық субъектілерінің әрекеттерінде бағаны белгілеу және ұстап тұру жолымен нарық субъектілерінің келісілген әрекеттерінен көрінген бұзушылық белгілері қаралды.
Төтенше жағдай әрекет еткен уақытта Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаментінің жедел желі телефонына Қостанай қаласының таксимен жолаушылар тасымалдау қызметтеріне бағаның өсуі туралы 80-ге жуық шағым келіп түсті.
Қоғамдық көлік (қалалық Жолаушылар тасымалы) және жеке автокөлік жұмысының енгізілген шектеулерін пайдалана отырып, тасымалдаушылар бағаны бір мезгілде 50-ден 100% - ға дейін көтерді, бұл ретте баға белгілеуге жасалған талдау өсімнің негізсіз болғанын көрсетті.
Тауарларды өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде тауарларды сатып алудың немесе өткізудің бағаларын не басқа да шарттарын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға қатысты келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.
Үш тасымалдаушыға қатысты: «City Logistic One» ЖШС (City такси), «Фортуна-88» ЖШС (Народное такси), «Алдабергенова А.Е.» ЖК (Тарлан такси) бағаны төтенше жағдай енгізілгенге дейін қолданыстағы деңгейге дейін төмендету жолымен негізсіз жоғары баға белгілеу түрінде келісілген іс-әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы хабарлама шығарылды.