
Автокөлікке құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының асып кету фактісі бойынша Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы Жангелді ауданының автогаз құю станцияларына қатысты ұйғарым шығарды.
«Нұржан» ЖК және «Жумабаева Гулнар Ансагаевна» ЖК сұйытылған мұнай газының бағасын 65 теңгеге дейін (ҚҚС-ты қоса алғанда) төмендету ұйғарылды.
ҚР Энергетика министрі мен ҚР Ұлттық экономика Министрінің бірлескен бұйрығымен автогаз құю станцияларында автокөліктерге құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары белгіленгенін еске сала кетейік.
Қостанай облысы үшін сұйытылған мұнай газының литр үшін шекті бағасы 65 теңгені құрайды.
«Нұржан» ЖК және «Жумабаева Гулнар Ансагаевна» ЖК жанармай құюшылары бұзушылықтарды жойып, бағаны литріне 75 теңгеден уәкілетті органдар белгілеген шекті бағаға дейін төмендетті.