
Комитеттің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген тегістелген күріш нарығындағы бағаны талдау нәтижелері күрішті көтерме өткізушілердің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілерін көрсетті.
ҚР монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын алдын алу мақсатында тегістелген күрішті көтерме өткізушілердің атына 3 хабарлама шығарылды.
Хабарламалар алынған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.