
ҚР Кәсіпкерлік кодекстің 175 - бабының 4-1-тармағын іске асыру үшін Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қабылданды.
Осы Қағидалар үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің биржалық мәміле қалыптасқан соңғы бағасы монополиялық жоғары немесе төмен деп танылмайтын жағдайларды көздейді.
Бұл ретте, Қағидалар оларды биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың міндетті түрде сақтауын көздемейді. Осыған байланысты, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын (биржалық сауда-саттық шеңберінде монополиялық жоғары немесе төмен бағаларды белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану) бұзу тәуекелдерін болдырмау мақсатында, сауда-саттықты ұйымдастырушылар ретінде, монополияға қарсы органды өзінің сауда немесе ақпараттық жүйесіне алыстан кіруді қамтамасыз етуге, биржадан тыс мәмілелерді тіркеуді және аффилиирленген тұлғалардың тізімін жүргізуді ұйымдастыруға құқылы. Бұл ретте биржадан тыс мәмілелерді тіркеу процедурасын биржалар дербес анықтайды.
Қағидалар Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №142 бұйрығымен бекітілген биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген, олар бойынша партиялардың ең аз мөлшері белгіленген, олар асып кеткен кезде мұндай биржалық тауарларды тауар биржалары арқылы өткізу міндеттемесі белгіленген тауарларға ғана емес, сондай-ақ салалық заңдар мен басқа да НҚА-да биржа арқылы өткізу міндеттемесі көзделген басқа тауарларға да қолданылатынын айта кету маңызды.