«КОНГЛОМЕРАТТАР ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

«КОНГЛОМЕРАТТАР ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Төрағасының бұйрығының жобасын әзірледі (бұдан әрі – бұйрық жобасы).

Бұйрық жобасы монополияға қарсы органның конгломераттардың қызметін талдау және мониторингі бөлігінде құзыретін кеңейтуге байланысты әзірленді.

Барлық мүдделі тұлғаларды https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15041932   сілтемесі арқылы «Ашық НҚА» порталында танысуға болатын бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз.

Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар a.sapuanova@azrk.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.