
«Атамекен» ҚР ҰКП «Астана Су Арнасы» МКК-ның қызметіне қатысты елордалық құрылыс салушылардың бірінің қосалқы мердігерінің, атап айтқанда суық және ыстық суды есептеу құралдарын орнатудан бас тарту жөніндегі шағымы бойынша Нұр-сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы органға жүгінді.
Ішкі инженерлік желілерді салу жөніндегі қосалқы мердігер тұрғын үй кешенінде «Астана су арнасы» МКК-дан көрсеткіштерді автоматты қашықтықтан жинау жүйесімен суды есептеу құралдарын орнату бойынша келісім алуға қатысты проблемалық мәселемен кезікті.
Департаментпен «Астана су арнасы» МКК атына хабарлама жіберілді. Хабарламаға сәйкес «Астана су арнасы» МКК бұзушылықтарды жою бойынша шаралар, атап айтқанда, тауар нарығына қол жеткізуді шектеу жөніндегі іс-қимылды тоқтату бойынша шаралар қабылдау қажет.
Хабарлама орындалған жоқ. Осыған орай, «Астана су арнасы» МКК қатысты тергеп-тексеру рәсімі жүргізілуде.