ШҚО жанар жаңармай құю станцияларына хабарламалар енгізілді

ШҚО жанар жаңармай  құю станцияларына хабарламалар енгізілді

    Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында ЖЖМ негізсіз жоғары бағамен сату туралы жеке тұлғаның өтінішіне байланысты Комитеттің ШҚО бойынша департаментімен ЖЖМ сату бойынша тауар нарығындағы ағымдағы жағдайға талдау жүргізілді.

    Талдау көрсеткендей, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында жанар-жағар май сату бойынша нарықтың үш субъектісі АИ-92 бензинін бірдей бағамен сатып, бір уақытта 2 рет бағаны бірдей деңгейге дейін өзгертті.

   Бағаның бір мезгілде өзгеруі Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында ЖЖМ сату бойынша нарық субъектілері арасындағы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін көрсетеді.

 Қорытынды бойынша Департаментпен «Жалғас» ЖК (КунафияновЖ.Б.), «Мойын» ш/қ (Набиев К. К.), «Қожахметов К. К.» ЖК атына 3 хабарламалар шығарылды. Хабарламалар орындалу сатысында.