Құрылыс материалдары нарығында бұзушылық белгілері анықталды

Құрылыс материалдары нарығында бұзушылық белгілері анықталды

  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен құрылыс материалдарының тауар нарығындағы жағдайды, атап айтқанда, нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде қиыршықтас өндірісінің жағдайын зерделеу кезінде нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды объективті түрде ақталмаған себептерсіз қолдану анықталған.

  Нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуына байланысты әртүрлі бағаларды не нарық субъектілерімен бірдей келісімдерге әртүрлі шарттарды объективті түрде ақталмаған себептерсіз қолдану бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерін болдырмау туралы хабарлама шығарылды.

    Заңда белгіленген мерзімде хабарлама орындалды.