"Солтүстік Энерго Орталық" ЖШС монополияға қарсы органның хабарламасын орындады

"Солтүстік Энерго Орталық" ЖШС монополияға қарсы органның хабарламасын орындады

 Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Солтүстік Энерго Орталық» ЖШС атына нарық субъектісінің заңды құқықтарына қысым жасауға әкеп соқтырған үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудан көрінген бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарылды.

Атап айтқанда, шарттық қатынастар болмаған кезде электр энергиясына ақы төлеу үшін нарық субъектісінің атына шот жіберу.

Заңда белгіленген мерзімде «Солтүстік Энерго Орталық» ЖШС атына жіберілген хабарлама орындалды.