Қиыршық тастарды көтерме өткізушілерге хабарламалар шығарылды

Қиыршық тастарды көтерме өткізушілерге хабарламалар шығарылды

   Құрылыс материалдарына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментімен Жамбыл облысы аумағында "Altai Building LTD", "KATSA", "Шоқпар Тас АТ", "Ақтас" ЖШС-ға қиыршық тасты көтерме сатушылардың атына бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарламалар шығарылды.

      Бұзушылық қиыршықтасты көтерме саудада өткізуге өзара бағаларды белгілеуге және ұстап тұрауға бағытталған және бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерді жасауға байланысты.

     Хабарламалар алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.