Қызылорда облысында әкімдіктер жеңілдікті дизель отын өткізу бойынша операторларды таңдауға ықпал етті

Қызылорда облысында әкімдіктер жеңілдікті дизель отын өткізу бойынша операторларды таңдауға ықпал етті

  Жергілікті атқарушы органдардың (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің) әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілері анықталды.

Жергілікті атқарушы органдармен егіс және жинау жұмыстары үшін жеңілдетілген дизель отын өткізуді жүзеге асыратын операторларды ("Нефть-Транс Қызылорда" ЖШС және "РК-Мұнай" ЖШС) таңдау кезінде нарықтың жекелеген субъектілеріне басымдықтар жасалды.

     Бұл ретте әкімшілік аумақтағы нарықтың басқа да мүдделі субъектілерінің ұсыныстары мен мүмкіндігін ескермеді.

  Бұл әрекеттер ҚР монополияға қарсы заңнамасының нормаларын бұзады.

 Осыған байланысты, Комитеттің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен жергілікті атқарушы органдарға олардың іс-әрекеттерінде тауар нарығына қолжетімділікті шектеу, нарықтың жекелеген субъектілеріне бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңілдіктер беру белгілерінің бар екендігі туралы хабарламалар жіберілді.

  Хабарламалар жергілікті атқарушы органдармен белгіленген мерзімде орындалды.