Аймақтық энергетикалық компания монополияға қарсы органның нұсқамасын орындады

Аймақтық энергетикалық компания монополияға қарсы органның нұсқамасын орындады

«Тұтынушыларды коммерциялық есепке алу аспаптарын аттестаттау» бойынша қызметін жаңа салынған көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарына заңсыз күштеп таңғаны үшін, сондай-ақ оған төлемақы талаптары үшін ШҚО бойынша монополияға қарсы органмен «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ (бұдан әрі - АҚ) атына  ұйғарым шығарылды.

АҚ-ға монополиялық жағдайды теріс пайдалануды тоқтатуға, атап айтқанда көрсетілген бұзушылықтардың салдарын тұтынушыларға сомаларды қайтару жолымен жою ұйғарылды. Бүгінгі күні АҚ Департаменттің нұсқамасын толық көлемде орындады.

Нұсқаманы орындау шеңберінде АҚ тұтынушыларға «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің жеке шоттарына жалпы сомасы 3 196 212 теңге соманы қайтару жүргізілді.

Сонымен қатар, аталған бұзушылық фактісі бойынша Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 157 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.