
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі- Агенттік) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) енгізілген өзгерістер шеңберінде экономикалық шоғырлануды реттеу саласындағы реттеушілік әсерге талдау жүргізді (бұдан әрі- РӘТ).
Ұсынылатын өзгерістер Кодекстің 200-бабының 6 тармағына енгізіледі (6-1. Экономикалық шоғырлану егер ол монополияға қарсы органның келісімін алмай жасалса және сот монополияға қарсы органның талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін болған жағдайда маңызсыз болып саналады).
Осыған байланысты Агенттік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №748 бұйрығымен бекітілген реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік пайдалану қағидаларының 20 – тармағына сәйкес 2024 жылғы 11-наурызда сағат 11:00-де өтетін жария талқылаудың өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша РӘТ «Ашық НҚА» порталында режимінде орналастырылатын болады.
Талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Қоғамдық талқылауға қатысу үшін сіздің кандидатураларыңызды электрондық мекенжайға: a.kudaikulova@azrk.gov.kz ұсынуыңызды сұраймыз.