
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының (бұдан әрі – Консультативтік құжат) жобасын орналастыру туралы хабарлайды.
Консультативтік құжатта заңнамалық актілерден операторлардың жекелеген қызмет түрлерін іске асыруға айрықша құқықтарын алып тастау мәселелері қаралады.
Барлық мүдделі тараптарды консультативтік құжаттың жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14957579 сілтеме бойынша "Ашық НҚА" порталында танысуға болады
Жобаға ескертулер мен ұсыныстар m.beisenbaev@azrk.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады