СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, ұйымдастырушы орган қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға жәрдемдесуге арналған семинар өтті. Бұл бастама монополияға қарсы органның өз қызметінің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін берік негіз қалыптастыруға деген ұмтылысын көрсетеді.

Жетекші спикер ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің аса маңызды превенция істері жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сөз сөйледі.

Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің келесі аспектілері талқыланды:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жаңғырту қажеттілігі;
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістері мен стратегиялары.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелеріне, ағымдағы және жоспарланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы күтілетін өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Семинар барысында БҚДА қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы білімі мен хабардарлығын арттыру туралы ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби қызметінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруды ынталандыру туралы айтылғанын атап өту маңызды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты толығымен қолдайды және осы бағыт шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіреді.