Құрылыс материалдарын өткізушілердің атына хабарлама шығарылды

Құрылыс материалдарын өткізушілердің атына хабарлама шығарылды

Павлодар облысы бойынша Департаментпен құрылыс материалдары нарығындағы жағдайды, сондай-ақ баға мониторингін зерделеу кезінде тауар нарығында құрылыс материалдарына бағаның жоғарылауы, оның ішінде қыш кірпіштің бағасы (жыл басынан бері бағалар 20% - ға дейін өсті) белгіленгені анықталды.

«Kaz Ziegel» ЖШС, «Силикат GroupPV» ЖШС және «Екібастұз кірпіш зауыты» ЖШС бір мезгілде керамикалық кірпіштің көтерме бағасын арттырды, бұл көтерме сатушылардың әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуын көрсетеді.

Құрылыс материалдарын көтерме сатушылардың атына қыш кірпіштің бағасын белгілеу (ұлғайту) және (немесе) ұстап тұру бойынша келісілген іс-әрекеттерді тоқтату жолымен монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілерін жою туралы хабарлама жіберілді.

Хабарлама оны алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде растайтын құжаттарды ұсына отырып орындалуға тиіс.