БҚДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ РЕЗЕРВШІЛЕРІМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БҚДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ  РЕЗЕРВШІЛЕРІМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2024 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысы А.С. Исаковтың басшылығымен Президенттік жастар кадр резервінің (әрі қарай - ПЖКР) резервшілерімен кезекті кездесу өтті.

Кездесуге ПЖКР-нің 10 резервшісі қатысты. Оларға агенттіктің қызметімен, мақсаттары мен міндеттерімен, жүзеге асырылып жатқан саясатымен, қабылданған монополияға қарсы шаралардың бәсекелестікті дамытуға әсерімен, сондай-ақ ұсынылған лауазымдардың функционалдық міндеттерімен таныстырылды.

Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық департаменттерінде бірқатар жауапты басшылық қызметтер ұсынылды.

Нәтижесінде бірнеше резервші Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық департаменттеріндегі лауазымдарына қызығушылық танытты.

Айта кетейік, бүгінде ПЖКР мүшелері Агенттіктегі басшылық мемлекеттік лауазымдарды жұмысқа орналасып, қызмет атқарады.