
«Байланыс сапасы және тарифтерді көтеру» атты панельдік сессия барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Б. Самбетов ұялы байланыс нарығында жүргізілген талдау нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, талдаудың маңызды тұсы - нарықта үш оператор қатысушы деп танылып, олардың жоғары шоғырлануы анықталғандығында. Аталмыш үш оператордың екеуі мемлекеттік компаниялар, атап айтқанда «Қазақтелеком» АҚ еншілес құрылымдары (жалпы үлесі 63% «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобындағы «Kcell» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мен 37% үлесі бар «Кар – Тел» ЖШС еншілес мобильді операторлары).
Сондай-ақ, Б. Самбетов ұялы байланыс нарығын монополиядан арылтуға қатысты Агенттіктің жұмысын айтып, ұялы байланыс операторларының бірін бәсекелестік ортаға шығару қажеттігін атап өтті.
«Біз барлық баяндамаларда, барлық бағдарламалық құжаттарда бір субъектіні бәсекелестік ортаға шығаруды ұсынамыз. Операторлар неғұрлым көп болса, әрине, ақылға қонымды мөлшерде және мемлекеттің қатысуы неғұрлым аз болса, бәсекелестік деңгейі соғұрлым жоғары болады деп санаймыз. Бәсекелестік бар жерде әрқашан сапа мен жақсы да баға болады», - деді Төрағаның орынбасары.
Сонымен қатар, Б. Самбетов 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары 7,7% - дан 57,3% - ға дейін айтарлықтай өскендігін атап өтті.
Осыған байланысты Агенттік ұялы байланыс операторларына монополияға қарсы заңнама белгілерінің тоқтату туралы 5 хабарлама жолдады, сондай-ақ тергеп-тексеруді бастады.