ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫҢ РЕТТЕЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ШЫҒАРУ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ АРАЛАСУЫНА СЕБЕП БОЛДЫ

ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫҢ РЕТТЕЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ШЫҒАРУ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ АРАЛАСУЫНА СЕБЕП БОЛДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі табиғи монополиялар субъектілері белгілеген реттелетін бөліктен жекелеген жұмыстар мен қызметтерді көрсету және шығару бойынша практиканы анықтады.
Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және басқа да көптеген салаларда табиғи монополиялардың 130 субъектісі көрсететін 750-ден астам реттелмейтін қызметтер анықталды.
Негізгі реттелетіндерге байланысты қызметтердің жекелеген түрлері, мысалы, қосу, ажырату, пломбалау және т.б. табиғи монополиялар субъектілеріне баламасыз көрсетіледі және олардың құны мемлекет тарапынан реттелмейді.
Осылайша, ұсақтау және баға белгілеу процестерін бақылаудың болмауы тұтынушылардың көптеген шағымдарына және жұмыс құнын көтеру фактілеріне әкелді.
Осыған байланысты, агенттік табиғи монополиялар субъектілері баламасыз көрсететін реттелетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтерді заңнамалық реттеу, сондай-ақ қызметтердің жаңа түрлері енгізілген жағдайда Агенттікпен міндетті келісу мәселесін пысықтауда.