БҚДА СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ КЕЗІНДЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ ЖИНАУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖАҚСАРТТЫ

БҚДА СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ КЕЗІНДЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ ЖИНАУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖАҚСАРТТЫ

Өткен жылы соттар бәсекелестік құқықты бұзуға байланысты 180 іс қаралып,  заңды күшіне енді. Бұл елдің сот жүйесінің монополияға қарсы іс-қимылдарға белсенді қатысуын білдіреді. Бұл туралы Бәсекелстікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров айтты.

Олардың ішінде 84 әкімшілік істер және 92 әкімшілік іс жүргізу, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізуде құқық қолдану тәсілінің маңыздылығын көрсететін 4 іс ерекше назар аударады.

Сонымен қатар, Агенттік 47 істе жетістікке жетті, бұл әкімшілік істердің 56% құрайды, бұл дәлелдемелер жинау мен сотта өкілдік етудің жетілдірілген стратегиясының көрсеткіші. Әкімшілік іс жүргізу шеңберінде 82 іс бойынша жаза қолданылды.

Жоғарғы Сотпен тығыз қарым-қатынас және монополияға қарсы тәжірибені талдау арқылы мүмкін болды, сондай-ақ Агенттіктің жұмыс сапасын жақсартуға ықпал етті. Монополияға қарсы келісімдерді дәлелдеу кезінде бәсекелестік ортаны талдау қажеттілігі сияқты заңнамадағы және практикадағы маңызды өзгерістер осы ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асырылды, деді М. Омаров.

Сондай-ақ тергеу процедураларын жақсартудың жүйелік кемшіліктері мен негізгі тәсілдері анықталды, бұл әділ реттеу мен бәсекелестікті қолдау жолындағы маңызды қадам болды.