БҚДА: АГЕНТТІК ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БҚДА: АГЕНТТІК ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Агенттіктің жаңа құрамның Қоғамдық кеңесі өзінің алғашқы отырысын онлайн форматта сәтті өткізді. Күн тәртібінде Қоғамдық кеңестің Төрағасын сайлау, негізгі құжаттарды бекіту және жұмыс жоспарын талқылау мәселелері тұрды.

Дауыс беру барысында Төраға Айдын Жолшиұлы Бикебаевты, ал хатшы-Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментінің қызметкері Аида Сапуанованы тағайындау туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Маңызды сәттердің бірі Агенттіктің Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту болды, ол хаттамалық шешіммен ресми түрде бекітіледі.

Сондай-ақ, Жұмыс жоспарының жобасын пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылданды, ол келесі отырыста қарауға ұсынылатын болады.

Қоғамдық кеңес қатысушыларға Агенттікті дамытудың ортақ мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған сындарлы диалог пен өзара түсіністік үшін алғыс білдіреді. Жаңа басшылық пен бекітілген құжаттар Қоғамдық кеңестің келешекте тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп күтілуде.