АСТЫҚ ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ – ҚТЖ АКТИВТЕРІН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ НӘТИЖЕСІ

АСТЫҚ ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ – ҚТЖ АКТИВТЕРІН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ НӘТИЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2022 және 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында көлік-экспедиторлық қызметтер және астық вагондарының операторлық қызметтері нарықтарына талдау жүргізді.

Нарықты талдау нәтижелері бойынша олардың жоғары шоғырлануы және 2022 жылы – 53,0%, 2023 жылы – 89,5% үлесімен астық вагондары операторының көлік-экспедиторлық қызметтер нарығында «Астық Транс» АҚ-ның үстем жағдайы анықталды.

Бүгінгі таңда бұл акционерлік қоғамның астық вагондарының жалпы паркі 10,5 мың бірлікті құрайды, оның жартысы немесе 5,1 мыңы бір серіктестікке тиесілі.

Айта кету керек, «Астық Транс» АҚ «Қазтеміртранс» АҚ («ҚТЖ» АҚ еншілес кәсіпорны) мен «Русагротранс» АҚ бірлескен кәсіпорны ретінде ҚТЖ-ға 3 мың бірлік жылжымалы құрамды беру арқылы құрылған. 2016 жылы «Қазтеміртранс» АҚ-на тиесілі «Астық Транс» АҚ акцияларының 50% жекешелендірілді.

Талдау барысында аталған акционерлік қоғамның іс-әрекетінен көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетуді белгілеу, шарттар жасасудан негізсіз бас тарту, кемсітушілік жағдайлар жасау фактілері анықталды. Аталған бұзушылық белгілерін тоқтату туралы монополияға қарсы хабарлама ерікті түрде орындалды.

Бәсекелестікті дамытудағы кедергілер де анықталды. Бұл теміржол көлігі инфрақұрылымына ұлғайған жүктеменің болмауы; маневрлік және магистральдық локомотивтердің тапшылығы, өнімділіктің төмендеуі.

Тұтастай алғанда, монополияға қарсы органы, теміржол жүк тасымалы нарығының монополиялық жағдайы және оған жеке тасымалдаушылар үшін нарық қолжетімді болмауы тек теміржол арқылы жүк тасымалының негізгі нарығының ғана емес, сонымен қатар, байланысты тауар нарықтарының инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, (жұмыс істейтін вагондар, экспедиторлық қызметтер және т.б.), жылжымалы құрам мен локомотивтерді жаңарту және кеңейту, бұл қызметтердің сапасы мен құнына әсер етеді.

Анықталған кедергілер аясында Агенттік Көлік министрлігімен бірлесе отырып, тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытудың Жол картасын қабылдап, алдағы жұмыс үшін мемлекеттік органдарға ұсынымдар жібереді. Жекешелендіру үдерісі аясында жеке монополияның пайда болуына жол бермеу мақсатында сатылатын активтерді бөлшектеу бойынша да ұсыныстар беріледі.

Талдауды толығырақ мына жерден табуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/584093?lang=ru