БҚДА ФУНКЦИЯЛАРЫН КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАРЛЫҒЫНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

БҚДА ФУНКЦИЯЛАРЫН КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАРЛЫҒЫНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің 2022 жылғы 5 мамырдағы шешімдеріне сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік ұйымдар жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрлерін қалыптастыру тетігін қайта қарауға бағытталған.

Жоба акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және олармен үлестес тұлғаларға тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеуге және бекітуге қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің функцияларын кеңейтуге бағытталған.

Бұл өзгерістер тауар нарықтарының қызметін жақсартуға және бәсекелестікті дамытуға, оның ішінде жеке кәсіпкерлер арасында дамуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14885151