Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін көтеру мақсатында Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, жауапкершілік шаралары және дәрежесі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Іс-шара жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын түсіндіру бойынша жүйелік жұмыс шеңберінде өтті.

Семинар-кеңесті ашқан сәтте Департамент басшысы А. Фазыл Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылатынын атап өтті.

Алғаш рет заңнамалық деңгейде басшылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілігі белгіленді, сондай-ақ басшының сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілігі енгізілді. Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағытын атап өтті.

Сөз сөйлеу барысында ұйымдастырушылық жұмыс бөлімінің басшысы И.В. Садыкова сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жасалған кезде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларына тоқталды.

Одан әрі Департамент басшысы барлық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға ескертті. Оларға Департамент қызметінің ашықтығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.