
«Өскемен қаласының жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі» ҚБ И. В. Антоненко ЖК-дің көтерме қоймасындағы қант бағасын өсіру және оны іске асыруды шектеу туралы өтінішін, сондай-ақ Устинка LIVE сайтында ақпаратты қарау барысында ШҚО бойынша Комитеттің департаментімен Өскемен қаласында қантты көтерме өткізу бойынша тауар нарығына талдау жүргізілді.
Қарау нәтижелері бойынша осы субъект қантты көтерме саудада өткізудің тауар нарығында үстем жағдайға ие екендігі анықталды.
Оның іс-әрекетінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері, атап айтқанда өтініш жасау сәтінде тиісті тауарды өткізу мүмкіндігі болған кезде жекелеген сатып алушылармен тауарды өткізуден негізсіз бас тарту, жеткізу мүмкіндігі болған кезде тұтынушылардың, нарық субъектілерінің сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды жеткізу көлемін негізсіз қысқарту немесе жеткізуді тоқтату, сондай-ақ егер мұндай алып қоюдың нәтижесі тауар бағасын көтеру болып табылса, тауарды айналымнан алып қою қаралды.
ЖК атына оның әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды.
Хабарлама толық көлемде орындалды.