Тауар нарығына кіруді шектеуді қайталап бұзғаны үшін тергеп-тексеру басталды

Тауар нарығына кіруді шектеуді қайталап бұзғаны үшін тергеп-тексеру басталды

    Басқа нарық субъектілеріне тиісті тауар нарығына кіруді шектегені үшін Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментімен «Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі» және «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтарына тергеп-тексеру басталды.

Тергеп-тексеру тағайындау үшін монополияға қарсы орган хабарлама шығарған кезден бастап бір жыл ішінде жоғарыда аталған мекемелердің қайта құқық бұзушылығы негіз болды.