ҚТҚ көму полигонының иесіне ұйғарым шығарылды

ҚТҚ көму полигонының иесіне ұйғарым шығарылды

Тергеп-тексеру барысында Семей қаласындағы полигон иесі Р. С. Хазипов ЖК Семей қаласының географиялық шекарасында ҚТҚ көму бойынша тауар нарығында өзінің монополиялық жағдайын асыра пайдаланып, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің саны туралы шынайы ақпарат бермей, қоқыс тасығыштың шанағы көлеміне «2» коэффициентін заңсыз қолдану, сұрыптау процесінде алынатын қайталама шикізат көлемі есебінен қызметтер көлемін негізсіз ұлғайту жолымен ҚТҚ көму үшін заңсыз ақы алғаны анықталды.

Полигон иесіне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды, атап айтқанда, заңсыз жасалған ҚТҚ көмуге және «2» коэффициентін қоқыс тасығыш шанағының көлеміне заңсыз қолдану салдарынан заңсыз алынған соманы қайта есептеу және қайтару, бір мезгілде қоқыс тасығыштың шанақ көлеміне «2» коэффициентін қолдануды тоқтатумен бірге ҚР ҚН белгілеген 200 кг/м3 (v=m/p) тығыздығына олардың салмағының қатынасы ретінде ҚТҚ көлемін қабылдау 1.04-15-2013 (жеткізу нығыздағышпен жабдықталған Т/с-ға жүзеге асырылған жағдайда).