Қарақұм жармасын өткізушіге қатысты хабарлама шығарылды

Қарақұм жармасын өткізушіге қатысты хабарлама шығарылды

Доминант болып табылатын «Вертекс-Восток» ЖШС-нің әрекеттерінде объективті түрде ақталмаған себептерсіз, тұтынушылармен бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды қолдану белгілері қаралды.

2020 жылғы наурыз-сәуір айларында қарақұмық жармасын өндіруші кейбір тұтынушыларға өнімді басқа субъектілерге қарағанда жоғарырақ бағамен өткізуді жүзеге асырған, бұл өндірілетін тауарға тең емес шарттарды құрады.

Сонымен бірге, қарақұмық жармасын өндірудің өзіндік құнының негізгі құрамдасы болып табылатын шикізат ретіндегі, қарақұмықты сатып алу бағасының өсуі болған жоқ.

Үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің сәйкес тауар нарығына қол жетімділікті шектеуге әкелген немесе әкелетін және (немесе) нарық субъектілерінің не болмаса белгісіз тұтынушылар шеңберінің заңды құқықтарын шектейтін әрекеттеріне тыйым салынған.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы органмен үстем жағдайын теріс пайдалануды тоқтату туралы хабарлама шығарылды.

Хабарламаны орындау мерзімі (хабарламаны алған күннен бастап 10 жұмыс күні) өткен жоқ.