
Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы органмен Өскемен қаласының көкөністерді, атап айтқанда, орамжапырақты көтерме саудада өткізушілерге қатысты, өткізудің негізсіз өсірілген бағаларын орнату және ұстап тұру бөлігіндегі, бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері белгілерінің бар екендігі орнатылды.
Тауарларды өндіруші, өткізуші субъектілердің бәсекелестікті шектеуге, соның ішінде, бағаларды не болмаса тауарларды сатып алу мен өткізудің қандай да бір басқа шарттарын белгілеуді және (немесе) ұстап тұруға қатысты, келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.
ҚР КК 170-бабының 2) тармақшасына сәйкес, нарық субъектілерінің, осы баптың 1-тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттері, егер олар келесі шарттар қатарын қанағаттандыратын болса, келісілген болып табылады: берілген іс-әрекеттер бәсекелестікті шектейді, осындай іс-әрекеттер нәтижесі нарық субъектілерінің әрқайсысының мүддесіне сәйкес келеді, нарық субъектілерінің іс-әрекеттері олардың әрқайсысына алдын-ала белгілі.
Заңнаманы бұзушылық белгілерін болдырмау және жою мақсатында жоғарыда көрсетілген орамжапырақты көтерме саудада өткізушілерге қатысты хабарлама шығарылды.
Хабарламаны орындау мерзімі (хабарламаны алған күннен бастап 10 жұмыс күні) өткен жоқ.