
Авиаотынды сату бойынша тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау және бағалау шеңберінде ШҚО бойынша департаментімен тарифті белгілеу және оны әуежайларға өткізу кезінде делдалдарды алып тастауына тексеру жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша ШҚО бойынша Комитет Департаментімен «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС-ға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу фактісі бойынша, Семей қаласы бойынша 2018-2019 жылдары авиаотынға монополиялық жоғары бағаны белгілеу, ұстап тұру бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеп-тексеру басталды.