
«Smart energy hab» ЖШС-нің өтінішін қарау барысында Нұр - сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы органмен «Астана энергия өткізу компания» ЖШС-і (бұдан әрі-Серіктестік) «энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу» қызмет түрін монополияға қарсы органның келісімінсіз жүзеге асырылғаны белгілі болды. Талдау шеңберінде нарықта жеке кәсіпкерлік субъектілері бар екені анықталды.
Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына серіктестік пен осы компанияның құрылтайшысы «Астанаэнергосервис» АҚ әрекеттерін заңсыз деп тану туралы, сондай-ақ осы қызмет түрін серіктестік жарғысынан алып тастау туралы талап арыз жіберілді.
«Нұр-сұлтан» мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен серіктестіктің әрекеті заңсыз деп танылды, сондай-ақ сот қоғамды серіктестіктің жарғысынан қызметтің осы түрін алып тастауға міндеттеді.
Нұр-сұлтан қалалық сотының апелляциялық алқасымен бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Шешім заңды күшіне енді.