ЖҰМЫС ТОБЫ БҚДА ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ

ЖҰМЫС ТОБЫ БҚДА ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ

Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарының Қоғамдық кеңестерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – БҚДА) Қоғамдық кеңесін (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы БҚДА жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамын жасақтағанын хабарлайды. Сондай-ақ Қоғамдық кеңес құрамындағы мүшесі  шыққан жағдайда Қоғамдық кеңестің кандидаттарынан құралған резервтік тізім де жасақталды.

Конкурстық рәсімдер БҚДА Қоғамдық кеңесінің бірінші құрамының өкілеттігінің аяқталуына дейін екі ай қалғанда (2023 жылдың 8 желтоқсанында) өткізілді. Бірінші құрамдағы кеңес мүшелері конкурсқа Қоғамдық кеңестер туралы ҚР Заңының 10-бабында көзделген жалпы негізде қатысты.

Жаңа кеңес құрамында коммерциялық емес ұйым мен азаматтық қоғамның  өкілдері бар.

Сайланған кеңестің өкілеттік мерзімі - үш жыл. Кеңестің өкілеттіктерінің тізбесі, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Қоғамдық бақылау туралы» Заңдарымен регламенттеледі және өтеусіз жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесінің құрамы