
«KZ-Қамқор» ЖШС-нің өтінішін қарау барысында «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің (бұдан әрі-Бөлім) іс-әрекеттерінде тұрғын емес үй-жайды жалға беру, атап айтқанда Қызылорда қаласының №144 мектебінде стоматологиялық кабинет ашу үшін тұрғын емес үй-жайды жалға беру бойынша тендерді ұйымдастыру кезінде нарыққа қатысушыларға қойылатын талаптарды белгілеу жолымен тауар нарығына кіруді шектеу белгілері анықталды.
Бұл іс-әрекет монополияға қарсы заңнаманы бұзудың белгісі болып табылады. (ҚР КК 194 баптың 2 тармағының 2), 8), 9) тармақшасы және 1 тармағы)
Қызылорда облысы бойынша департаментпен бұзушылық белгілері бар екендігі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды.