ЕРЕВАНДА ЕАЭО МЕН ТМД-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСТІ

ЕРЕВАНДА ЕАЭО МЕН ТМД-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСТІ

             ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Еуразиялық экономикалық одаққа (әрі қарай - ЕАЭО) және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (әрі қарай - ТМД) мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының басшыларымен халықаралық іс-шараларға қатысты.

             2023 жылғы 3 қарашада Ереван қаласында (Армения Республикасы) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдары басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесінің (Министрдің) кеңесі өтті. Сондай-ақ, кездесу аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы саясат жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің 55-ші отырысы ұйымдастырылды.

            Осы іс-шаралар барысында Рустам Ахметов қазақстандық монополияға қарсы заңнамадағы соңғы үрдістермен бөлісіп, агенттіктің Қазақстандағы бәсекелестікті қорғау және дамыту мәселелері бойынша Жарлық жобасын әзірлеу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы және Агенттіктің цифрландыру аясындағы қызметі туралы айтып берді.

           Өз кезегінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның монополияға қарсы ведомстволарының басшылары өз елдерінің монополияға қарсы саясаты саласындағы ағымдағы үрдістер мен даму бағыттарын және цифрландыру, монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру және оны ЕАЭО мен ТМД-да практикалық қолдану мәселелерін талқылады.