Биржалық комитеттің бірінші отырысы өтті

Биржалық комитеттің бірінші отырысы өтті

ҚР енгізілген төтенше жағдайды назарға ала отырып, Биржалық комитеттің аталған отырысы қашықтықтан «Zoom» коммуникациялық бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы өткізілді.

Отырыс аясында Биржалық комитеттің ережесі мен жұмыс жоспары қарастырылды, Ресей Федерациясындағы ұқсас жұмыс тәжірибесі қарастырылды, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын биржалық сатудың ұйымдастырылған нарығындағы ағымдағы жағдай зерделенді, оны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша отырысқа қатысушыларға күн тәртібі мәселелері бойынша ресми ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды.

Биржалық комитет отырысының қорытындысы бойынша хаттамамен Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің сайтында «Биржалық комитет» бөлімінде, ол келісілгеннен және қол қойылғаннан кейін танысуға болады.