
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Формулярлық комиссия үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға кәсіби сараптама жүргізу қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдауды аяқтады.
Талдау барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі өзінің құқықтық актісімен «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК - на (әрі қарай - Орталық) Формулярлық комиссия үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға кәсіби сараптама жүргізу бойынша айрықша құқық бергені анықталды. Сондай-ақ Формулярлық комиссия үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау өткізу қызметтері нарығында үстемдіктің 100% үлесін алатыны да белгілі болды.
Сондай-ақ фармакологиялық бизнес өкілдерінің мәліметінше Формулярлық комиссияның өтінімдерді қарау мерзімдерін кешіктіруде, дәрілік заттарды (бұдан әрі - ДЗ) Қазақстандық ұлттық формулярдың (бұдан әрі – ҚҰФ), амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің (бұдан әрі – АДҚ) және СК-Фармацияның бірыңғай дистрибьюторының (бұдан әрі – БД) тізбелеріне дәйекті енгізуде көрсетілген әкімшілік кедергілер бар, бұл пациенттің инновациялық препараттарға қолжеткізуін шектеуге алып келеді. Сондай-ақ, кәсіби сараптама қызметтерінің бағасын қалыптастырудың объективтілігі туралы сұрақтар туындайды.
Талдау нәтижелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атына келесі шараларды қабылдау туралы ұсынымдар жолданды:
Ұсынымның бір бөлігі бәсекелестікті дамыту жөніндегі заң жобасында көзделген.