
«Петропавл қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ және «ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» ММ атына ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларымен көзделмеген мемлекеттік мүлікті сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға және мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендерлерді өткізу кезінде тендерлік шарттарды айқындауда көрініс тапқан монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарылды.
Заңда белгіленген мерзімде жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың атына жіберілген хабарламалар орындалды.