
«Шығысэнерготрейд» ЖШС интернет-ресурсында (https://shygys.kz/) «ТЖ әрекет ету кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу орташа тәуліктік шығыс бойынша жүргізілетіндігі туралы ақпарат орналастырылды. Қажет болған жағдайда тұтынушының өтініші бойынша осы кезеңге қолданыстағы сараланған тарифтерді ескере отырып, электр энергиясын тұтынуды есептеуге барлық қажетті түзетулер енгізілетін болады.».
Аталған іс-әрекеттер, сараланған тарифтерді ескере отырып, тұтынушылардың шексіз шеңберінің тұтынылған электр энергиясы үшін әділ төлемге құқықтарына қысым жасауға әкеп соғуы мүмкін үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Монополияға қарсы органның пікірінше, ТЖ аяқталғаннан кейін алынатын коммерциялық есепке алу аспаптарының бірінші көрсеткіштері негізінде ТЖ режимінің қолданылу кезеңінде орташа тәуліктік шығыс бойынша есептеу жүргізілген барлық тұтынушыларға есептеулерге тиісті түзетулер жүргізу мақсатты деп саналады.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында Департаментпен «Шығысэнерготрейд» ЖШС атына монополияға қарсы заңнаманы бұзуға әкелуі мүмкін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жолданды.